Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

0
396

Үкіметтің кеңейтілген отырысында елдің бірінші жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланады.


Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

10 шілде, сенбі президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жиын сағат 11:00-де бейнебайланыс режимінде өтеді. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те хабарлады.

Отырыста Қазақстанның биылғы жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланады.

Сондай-ақ Тоқаев пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономиканы дамытудың міндеттерін белгілеп береді.