Президенттің туған күні тойланбайды

0
676

Мемлекет басшысы 17 мамыр күнін жұмыс кестесіне сай өткізеді.


Президенттің туған күні тойланбайды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Президенттің Баспасөз қызметіне бұқаралық ақпарат құралдарынан Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтетіні туралы сұрақтар келіп түсіп жатыр. Осыған орай ешқандай іс-шара жоспарланбағанын хабарлаймыз. Президент мұндай шараларды қолдамайды. Мемлекет басшысы 17 мамыр күнін жұмыс кестесіне сай өткізеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай, бұл күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталады. Қазақстанда да, ҚХР-ға сапар аясында да Президенттің туған күніне байланысты ешқандай іс-шара өткізілмейді.