Психиатриялық есепте тұрған 90-ға жуық адамға жүргізуші куәлігі берілген

0
154

Жауапты лауазымды тұлғалар заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылған.


Психиатриялық есепте тұрған 90-ға жуық адамға жүргізуші куәлігі берілген

фото: Sputnik

ERNUR.KZ. Сарыағаш ауданының прокуратурасы наркологиялық және психиатриялық есепте тұрған 89 адамға жүргізуші куәлігі берілгенін анықтады, деп жазады sputnik.kz.
"Сарыағаш ауданының прокуратурасы Түркістан облысында азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманың сақталуына талдау жүргізді. Талдау барысында наркологиялық және психиатриялық есепте тұрған, көлік жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдері бар 89 адамның жүргізуші куәлігі болғаны және олардың көлік жүргізуге жіберілгені анықталды", - делінген хабарламада.

Заңнама талаптарына сәйкес психикалық және мінез-құлықтық бұзылыстары бар, сондай-ақ психоактивті заттарды қолдануға байланысты бұзылыстары бар адамдар медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайда көлік жүргізуге жіберілмейді.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде сот шешімімен бұл адамдардың көлік жүргізу құқығы тоқтатылды.

Прокурорлық ықпал ету шаралары нәтижесінде жауапты лауазымды тұлғалар заңнамада белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылды.