Ресей Қазақстанға газ жеткізу көлемін екі есеге арттырды

0
659

2024 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстан Ресейден 353,4 миллион долларға табиғи газ импорттады.


Ресей Қазақстанға газ жеткізу көлемін екі есеге арттырды

фото: Пресс-служба министерства финансов Казахстана

ERNUR.KZ. Биылғы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша Қазақстанның ресейлік газ импорты екі есеге артты. Бұл екі елдің сауда тарихындағы ең жоғары деңгейге жетті, деп жазады sputnik.kz.
Осылайша, 2024 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстан Ресейден 353,4 миллион долларға табиғи газ импорттады, бұл бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 2,1 есеге көп. Сонымен қатар, биыл сегіз айда ресейлік газ импортының жалпы көлемі ең жоғары мәндерге жетті.
Отынның басқа түрлеріне келетін болсақ, қаңтар-тамызда Астана Мәскеуден мұнай өнімдерін сатып алуды 2,5 есеге - 191,5 миллион долларға дейін қысқартты. Автокөлік бензинінің импорты 587 мың долларды, ал дизель отыны 9 миллионға жуық болды.
Сонымен қатар Қазақстан ресейлік Кокс импортын 15,4%-ке 103,5 миллион долларға, ал көмір импортын 1,6 есе 107,5 миллион долларға дейін арттырды.