Ресей вице-премьері Каспий құбыр желісіндегі апат салдары туралы айтты

0
2 522

Оның ақауына Қара теңіздегі жойқын дауыл себеп болған.


Ресей вице-премьері Каспий құбыр желісіндегі апат салдары туралы айтты

ERNUR.KZ Ресей вице-премьері Каспий құбыр желісіндегі апат салдары туралы айтты, деп жазады Sputnik.kz.

Каспий құбыр желісі консорциумы айлақтарының зақымдалуы әлемдік мұнай нарығына айтарлықтай әсер етуі мүмкін, деп санайды РФ вице-премьері Александр Новак.

"Мамандардың бағалауы бойынша, айлақтарды қалпына келтіруге біршама уақыт жұмсалады. Әріптестерімнің айтуынша, шамамен бір жарым-екі ай. Осы уақыт аралығында айтарлықтай мұнай көлемі әлем нарығына жеткізілмеуі мүмкін. Бұл өз кезегінде мұнай нарығына елеулі әсер етеді", - деді ол мемлекеттік думада өткен үкімет сағатында.
"Бұл консорциумды шетелдік инвесторлар, мысалы, Chevron сынды шетелдік компаниялар басқарып отыр. Сондықтан техникалық қызмет көрсетуді де шетелдік компания қамтамасыз етеді. Біз өз тарапымыздан айлақты қалпына келтіруге және Новороссийсктегі мұнай жөнелтуді реттеуге қолдау көрсетіп жатырмыз", - деді ол.
Дүйсенбіде Каспий құбыр желісі консорциумы жөндеу жүргізу үшін айлақтағы құрылғыны уақытша істен шығаратынын хабарлады. Оның ақауына Қара теңіздегі жойқын дауыл себеп болған. Қалған екі айлақта тексеру жүргізу нәтижесінде консорциум тағы бір құрылғыны тоқтатуға мәжбүр болды.
Осылайша, үш айлақтың екеуі істен шығуына байланысты мұнай тасымалдау көлемі жақын уақытта үш есе қысқаруы мүмкін.