Ресейдің ең айтулы техникалық жоғары оқу орындары Қазақстанда филиалдарын ашады

0
557

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Қазақстанда инженерлік-техникалық бейіндегі жоғары білікті кадрлардың қажеттілігін ескере отырып, білім беру саласындағы ынтымақтастыққа баса назар аударылғанын атап өтті.


Ресейдің ең айтулы техникалық жоғары оқу орындары Қазақстанда филиалдарын ашады

ERNUR.KZ. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентімен бірге жасаған мәлімдемесі кезінде айтты, деп жазады Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Қазақстанда инженерлік-техникалық бейіндегі жоғары білікті кадрлардың қажеттілігін ескере отырып, білім беру саласындағы ынтымақтастыққа баса назар аударылғанын атап өтті.

"Мен бүгін келіссөздер барысында Владимир Владимировичке РФ-дағы ең айтулы техникалық жоғары оқу орындарының филиалдарын Қазақстанда ашуға келіскені үшін ризашылығымды білдірдім. Олардың еліміздегі білім беруді дамытуға елеулі үлес қосатынына сенімдімін. Қазақстанда баршаның аузында жүрген жоғары оқу орындарының филиалдары ашылады. Бұл – Мәскеу инженерлік-физикалық институты, И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті, Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті. Бұл білім саласындағы өзара қолдаудың өте салмақты ілгерілеуі деп есептеймін", деді Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан Президенті Путинмен халықаралық бастамаларды өзара қолдау туралы да уағдаласқанын жеткізді.

"Қазақстан еш ойланбастан Мәскеудің 2030 жылы ЕХРО өткізу орны ретіндегі кандидатурасына қолдау көрсеткенін атап өткім келеді. Алдында айтып өткенімдей, келіссөздер барысында өңірлік, сонымен қатар жаһандық күнтәртібіне қатысты өзекті мәселелер қозғалды. Жалпы, біздің ұстанымымыз өзгеріссіз қала беретіндігін атап өткім келеді", деді Мемлекет басшысы