​Ресейлік дәрігерлер қазақстандық әріптестеріне күрделі ортопедиялық ота жасауды үйретіп жатыр

0
1 193

Шведовченко №2 қалалық балалар ауруханасының базасын жоғары бағалады.


​Ресейлік дәрігерлер қазақстандық әріптестеріне күрделі ортопедиялық ота жасауды үйретіп жатыр

ERNUR.KZ. №2 қалалық балалар ауруханасы базасында шетел мамандарын тарту арқылы ортопедия және анестезиология бойынша шеберлік-сабақтары өткізілуде, деп жазады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Бес күндік семинар «BI-Zhuldiz-Ai» корпоративтік қорының көмегімен ұйымдастырылды. Шара балалар практикасында төтенше жағдайлар бойынша отандық анестезиологтар мен реаниматологтарды оқыту, сондай-ақ балалардың туа біткен ақауларын хирургиялық емдеудің заманауи әдістерін үйрету мақсатында өткізіліп отыр. Курсқа қатысушылар – астаналық және аймақтық дәрігерлер.

Оқу-әдістемелік операцияларды Альбрехт атындағы Санкт-Петербург медициналық-әлеуметтік сараптама, протездеу және мүгедектерді оңалту ғылыми-практикалық орталығының жетекші профессоры Игорь Шведовченко және Санкт-Петербург қаласының мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік сараптама, протездеу және оңалту ғылыми-практикалық орталығының №1 балалар ортопедиялық бөлімшесінің меңгерушісі Андрей Кольцов жүргізуде.

«Осы сапар барысында біз микрохирургиялық екі операция жасадық, біреуі өте күрделі, екіншісі де оңай емес. Ал ертең тағы бір микрохирургиялық операция жасалады деп жоспарланған. Оталардың қиындығы неде? Бұл операциялар өте маңызды логистикалық қолдауды қажет етеді. Бізге жұмыс микроскопы, арнайы штапельді материал, жақсы құралдар қажет. Мұның бәрі осында бар. Екіншіден, бұл пациенттерге әдетте жақсы анестезиолог қажет. Бұл жолы Санкт-Петербургтың танымал анестезиологтары бізбен бірге келгені өте жақсы. Осы жолы біз 14 балаға операция жасайтын боламыз», – деді Игорь Шведовченко.

Бұдан басқа, ресейлік дәрігерлер қаладағы оңалту орталықтарын аралады.

«Онда біз балалардың оңалту рәсімінен қалай өтетінін қараймыз, хирургиялық емделуге мұқтаж адамдарды таңдаймыз, бұрын өзіміз операция істеген балаларымыздың нәтижелеріне қараймыз», – деп түсіндірді ол.

Шведовченко №2 қалалық балалар ауруханасының базасын жоғары бағалады. «Мысалы, егер біз бұл бөлімді 2,5 жыл бұрынғы бөліммен салыстырсақ, арасы жер мен көктей. Аурухана өте жақсы жабдықталған. Сіздің дәрігерлеріңіз біз бастаған көптеген операцияларды өздері игеріп жасап жатыр. Бұл өте жақсы», – деді Шведовченко.