Ресми: 2029 жылғы Х қысқы Азия ойындарын Алматы қаласы қабылдайды

0
90

Бұған дейін қысқы Азия ойындарын өткізу құқығы 2022 жылы Сауд Арабиясына берілген еді.


Ресми: 2029 жылғы Х қысқы Азия ойындарын Алматы қаласы қабылдайды

Фото:ҰОК

ERNUR.KZ. Ресми түрде 2029 жылғы қысқы Азия ойындары алатау баурайындағы Алматы қаласында өтетін болды, деп жазады stan.kz.

Бұған дейін қысқы Азия ойындарын өткізу құқығы 2022 жылы Сауд Арабиясына берілген еді.

Алайда өткен айда Сауд Арабиясының Олимпиадалық және Паралимпиадалық комитеті мен ОСА бірлескен мәлімдеме жасап, жарыстың мерзімі белгісіз уақытқа шегерілгенін хабарлаған.

Енді ресми шешім Италияның Милан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындары аясындағы жиында қабылданып, келісімшартқа қол қойылды.

Айтулы шарaға Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин қатысты.

Айта кетейік, 6 ақпан күні төрт жылдықтың басты дүбірлі додасы қысқы Олимпиада ойындары жалауын көтереді. Еліміздің атынан бұл бәсекеге 10 спорт түрінен 36 спортшы бақ сынайды.