Рудный қаласында түзету мекемесінен қашқан екі жасөспірім табылды

0
254

15 және 17 жастағы жасөспірімдер мекемеден белгісіз бағытқа шығып кетіп, қаладағы бүкіл полицейді аяғынан тік тұрғызды.


Рудный қаласында түзету мекемесінен қашқан екі жасөспірім табылды

Фото: Қостанай облысы ПД

ERNUR.KZ. Бұған дейін де 15 жастағы жасөспірім қашып кеткен болатын, деп жазады inbusiness.kz.

Оларды іздестіруге 20 бірлік техника, 53 полиция қызметкері, 15 ерікті, сондай-ақ Рудный қаласының тұрғындары жұмылдырылған. Күні бойы қаланың көшелері мен саяжайлары тексерілді.

Іздеу іс-шаралары сол сияқты Қостанай ауданының жақын ауылдарында жалғасты. Өйткені жасөспірімдерді Сергеев және Константиновка ауылдарында соңғы рет көрген.

Полиция департаменті олардың аман-есен табылғанын хабарлады.

Бұған дейін 7 сәуірде Рудный қаласында полицияға "Ерекше білім беру қажеттіліктері бар отбасын қолдау орталығы" екі тәрбиеленушісінің жоғалып кеткені туралы жазған болатынбыз.