Рудныйда 900 орындық қазақ мектебі ашылды

0
128

5 ақпанда мемлекеттік тілде оқытатын №8 жалпы білім беретін жаңа мектеп қолданысқа берілді.


Рудныйда 900 орындық қазақ мектебі ашылды

Фото: adyrna.kz

ERNUR.KZ. Жаңа мектепте оқушылардың қабілеттерін ашуға барлық жағдайлар жасалған, деп жазады inbusiness.kz.

Кіші, орта және жоғары буын үшін жеке блоктар қарастырылған. Химия, биология, физика, информатика, робототехника пәндік кабинеттері, сондай-ақ STEAM-зертхана оқушылардың зерттеу мәдениетін дамытуға мүмкіндік береді. Оқу кабинеттері компьютерлік жабдықтармен, интерактивті тақталармен, шет тілдер кабинеттері - лингафондармен жарақталған.

Мектепте қажетті құралдарымен 3 спорт залы, хореография залы, жайлы асхана бар. Еңбекке баулу шеберханаларында станоктар және тігін жабдықтары қойылған.

Аулада оқушыларды жан-жақты дамыту үшін қозғалыс ойындарға және демалуға арналған алаңдар орнатылған.

Айта кетейік, өңірде Ұлттық жоба аясында 4500 орындық 6 мектеп ашылды: Арқалық қаласында (300 орын), Қостанай ауданының Заречный ауылында (900 орын), екі мектеп Қостанай қаласында (1200 және 900 орын), Әулиекөл ауданының Құсмұрын ауылында (300 орын) және Рудный қаласында (900 орын).