Рудныйдағы өрт: саяжай массивінде 20 үй отқа оранды

0
978

Зардап шеккендер жоқ, ТЖД күштерімен эвакуация жүргізілген жоқ.


Рудныйдағы өрт: саяжай массивінде 20 үй отқа оранды

ERNUR.KZ. Рудный қаласынан 7 шақырымдағы бау-бақша саяжай массивінде 20 үй отқа оранды, деп жазады Zakon.kz.


6 мамырда сағат 13: 06-да Рудный қаласынан 7 шарымындағы № 2 бақша қоғамының аумағында құрғақ шөп өртеніп, от жалпы ауданы 0,3 гектар болатын 20 тұрғын емес саяжай үйіне ауысты.Сонымен қатар, бақша қоғамынан тыс жерде құрғақ шөп, өрттің жалпы ауданы шамамен 2,1 га болатын қамыс өртенді.

Сағат 19: 23-те өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, ТЖД күштерімен эвакуация жүргізілген жоқ.Құрғақ және ыстық ауа-райы, қатты жел өрттің тез таралуына ықпал етті.

Тар саяжай көшелеріндегі қоқыстар өрт сөндіру техникасының өрт орнына баруын қиындатты.

Сөндіруге ТЖД 38 адамы мен 8 техникасы, сондай-ақ құрамында 5 адам және 1 техника бар "ССКӨБ" АҚ МӨҚҚ қатысты.

Қостанай облысының ТЖД ыстық ауа-райында өрттің алдын алу үшін ешбір жағдайда құрғақ шөпті жағуға немесе от жағуға болмайтынын ескертеді. Қатты жел, өрттің үлкен аумақтарға таралуына ықпал етеді.