​Рұқсат берілді: «Жомарт» кенішінің жұмысы қайта жанданатын болды

0
129

Биылғы жылдың 17 ақпанында «Жомарт» кенішінде қайғылы оқиға болғанын еске сала кетейік.


​Рұқсат берілді: «Жомарт» кенішінің жұмысы қайта жанданатын болды

Фото: ekaraganda.kz / Instagram

ERNUR.KZ. Ұлытау облысындағы «Жомарт» кенішінің жұмысы қайта іске қосылатыны туралы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев мәлім етті, деп жазады inform.kz.

Биылғы жылдың 17 ақпанында «Жомарт» кенішінде қайғылы оқиға болғанын еске сала кетейік.

— Біз жауапкершіліктен жалтармаймыз. Әрбір қызметкердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету — біздің тікелей міндетіміз және абыройлы борышымыз. Оқыс оқиғадан сабақ алуға міндеттіміз және оның қайталанбауы үшін бар күшімізді салуға тиіспіз. Сол себепті қайғылы оқиғаның алғашқы күнінен бастап, апаттың салдарын жою және өндірістік жұмысты қауіпсіз жағдайда қайта бастау үшін ауқымды әрі жүйелі жұмыс жүргізілді. Біз ғылымның жетістігіне, үздік мамандардың тәжірибесіне және осы оқиғаға бейжай қарамайтын жандардың ортақ күшіне сүйенеміз, — деді басқарма басшысы.
Бұл жұмысқа жетекші ғылыми және инженерлік ұйымдар жұмылдырылды, кешенді зерттеу жүргізіліп, мониторинг пен бақылау жүйелері енгізілді, мемлекеттік қадағалау органдарымен келісілген техникалық шешім әзірленді.
— Ғылыми-зерттеу орталықтары, техникалық және сараптамалық ұйымдар мен компаниямыздың жұмыскерлері бірігіп атқарған тыңғылықты жұмыстың нәтижесінде «Жомарт» кенішінде өндірісті қайта бастауға ресми түрде рұқсат берілді. Аталған шешім кенжарлардың жағдайы, қауіпсіздік деңгейі және қызметкерлердің дайындығы жан-жақты сараланған соң қабылданды, — деді Нұрахмет Нуриев.
Еске сала кетейік, Ұлытау облысындағы шахтада апат болып, 7 адам төтенше жағдайда қалған еді.
Кейін кабельдердің үзілуіне байланысты жұмысшылармен байланыс жоқтығы айтылды.
Шахта астында қалған қалған жұмысшылардың барлығы мерт болғаны анықталды.