Сәбиімен бірге көшеде жалаңаш жүрген әйел ауруханаға жатқызылды

0
1 509

Өскемендегі Гагарин бульварында 33 жастағы жалаңаш әйелдің алты айлық сәбиімен кетіп бара жатқаны жайлы видео тараған болатын.


Сәбиімен бірге көшеде жалаңаш жүрген әйел ауруханаға жатқызылды

ERNUR.KZ. Өскемен қаласында қолына сәбиін алып, жалаңаш көше кезген әйел психикалық денсаулық орталығына жатқызылды, деп жазады ҚазАқпарат.

Естеріңізге сала кетсек, қыркүйек айының соңында Өскемендегі Гагарин бульварында 33 жастағы жалаңаш әйелдің алты айлық сәбиімен кетіп бара жатқаны жайлы видео тараған болатын.

Әйел адам полицейлерге мән-жайды түсіндірмеді. Тіпті өзінің кім екенін айта алмаған. Тәртіп сақшылары 1987 жылғы қала тұрғынын психикалық денсаулық орталығына жеткізді.

«Қазіргі уақытта әйел адам аталған медициналық мекемеге жатқызылған. Ал сәби әкесінің қолында», - дейді ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Әйгерім Нұрғазина.