Көлік тізгінін 21 мен 22 жастағы жүргізушілер басқарған.
ERNUR.KZ. Қарағандыда жантүршігерлік жол апаты болды. Екі көлік соқтығысып, салдарынан 21 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді, деп жазады Tengrinews.kz.
Жол апаты Гоголя мен Лобода көшелерінің қиылысында болған. Видео әлеуметтік желіде тараған.
Полицейлер жол-көлік оқиғасы болған жерге барып, оқиғаның мән-жайын анықтаған.
"Екі көлік соқтығысты - BMW мен Audi. Көлік тізгінен 21 мен 22 жастағы жүргізушілер басқарған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан BMW жүргізушісі жарақаттанып, ауруханаға жеткізілді", - деді облыстық полиция департаментіндегілер.