Сағынтаев Алматыдағы ғимараттарды мүгедектерге қолжетімді етуді тапсырды

0
837

Қала басшысы мүмкіндігі шектеулі адамдардың 60%-ы оңалту құралдарымен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етілетінін мәлімдеді.


Сағынтаев Алматыдағы ғимараттарды мүгедектерге қолжетімді етуді тапсырды

ERNUR.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалалық инфрақұрылым мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сұраныстарына бейімделмегенін атап өтіп, ғимараттарға тексеру мен аудит жүргізуді тапсырды, деп жазады 7kun.kz.

«Бізде Алматыда 43.2 мың мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Көпқабатты ғимараттарға, пандустар мен табалдырықтарға, ең алдымен мемлекеттік және медициналық мекемелерге, ХҚКО-на қолжетімділікті қамтамасыз етуде формальды қарым-қатынасты өзгерту қажет. Денсаулық сақтау және білім беру басқармалары ғимараттарда қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша жеке мекемелермен жұмыс істеуі қажет», — деп жазды әкім Facebook-тегі парақшасында.

Сағынтаевтың айтуынша, қалалық автобустардың 55%-ы ғана көзі көрмейтін және көру қабілеті нашар адамдар үшін маңызды саналатын аялдамаларға арналған дауыстық хабарландырулармен жабдықталған. Жаңа метро станцияларын салу кезінде әкім қолжетімділік талаптарын сақтау қажет деп атап өтті.

Сондай-ақ, қала басшысы ағымдағы жылы мүмкіндігі шектеулі адамдардың 60%-ы оңалту құралдарымен және әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз етілетінін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы әкімі қаланың шет аудандарының мәселесін шешуге уәде берген.