Сақтандырылмаған адам да тегін медициналық көмекті алуға құқылы – Төкежанов

0
823

Қор басшысы Qoldau 24\7 қосымшасы және әлеуметтік желілер арқылы кепілдендірілген көмек көрсетуден бас тартқан емханалар туралы шағымдардың жиілеп кеткеніне тоқталды.


Сақтандырылмаған адам да тегін медициналық көмекті алуға құқылы – Төкежанов

ERNUR.KZ. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы Болат Төкежанов бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Халықтың МӘМС жүйесіне қатысуы» тақырыбында өткен онлайн брифинг барысында айтты, деп жазады baq.kz.

Егер адам сақтандырылмаған болса да, ол мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмекті алуға құқылы, одан ешбір медициналық ұйым бас тартпауы керек. Біз азаматтардың қорға жазған шағымдарын өте мұқият қараймыз. Мысалы, жалпы практика дәрігері, учаскелік терапевт, педиатр пациентті МӘМС жүйесінде сақтандырылған-сақтандырылмағанына қарамастан қабылдайды. Егер сізде созылмалы ауру болса, сіз әлеуметтік мәні бар аурулар және динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулар бойынша есепте тұрсаңыз, онда бейінді маманның қабылдауы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлем (ТМККК) пакеті бойынша да жүзеге асырылады, - деді ол.
Қор басшысы Qoldau 24\7 қосымшасы және әлеуметтік желілер арқылы кепілдендірілген көмек көрсетуден бас тартқан емханалар туралы шағымдардың жиілеп кеткеніне тоқталды.
Тағы да қайталаймын, ТМККК пакетіне кіретін көмекті көрсетуден бас тартуға жол берілмейді. Сонымен қатар сақтандырылған азаматтарға медициналық көмек қызметтердің кеңейтілген тізбесі бойынша көрсетіледі. МӘМС пакетінде медициналық көрсеткіштер бойынша инфаркт, инсульт, түрлі жарақаттар мен операциялық араласулардан кейін, нейрохирургия, ортопедия, травматология, кардиохирургия, сондай-ақ, балалардың созылмалы аурулары кезінде пациенттер үшін медициналық оңалту қолжетімді. Әрине, биыл еліміздің денсаулық сақтау жүйесі үшін үлкен сынақ болды, пандемия медициналық сақтандыру есебінен ұсынылатын консультацияларға, диагностикаға, оңалтуға қолжетімділікті арттыру бойынша біздің жоспарларымызды өзгертті. Емханалар мен ауруханалар қалыпты режимге енді ғана оралды және халыққа жоспарлы көмек көрсетуде, - деді ол.