Сарбазды "қасақана атып өлтірген" взвод командирі қамауға алынды

0
407


Сарбазды

ERNUR.KZ. Бас әскери прокуратура Ақтаудағы сарбаздың өліміне қатысты мәлімдеме жасады, бұл қайғылы оқиға кездейсоқ емес, қасақана кісі өлтіру фактісі бойынша тергеліп жатыр, деп жазады Zakon.kz


Тергеу органы күдіктіні ҚПК-нің 128-бабы тәртібімен ұстады және Ақтаудың уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.

Бас әскери прокуратураның хабарлауынша, қажетті кешенді тергеу амалдары жүргізілуде, қылмыстың себептері мен өзге де мән-жайлар анықталып жатыр.



"Тергеу барысы Бас әскери прокуратураның ерекше бақылауына алынды. Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа мәлімет жарияланбайды", - делінген хабарламада.