"Сегізінші рет ": Қазақстанның бас туы аза тұту күніне орай төмен түсірілді

0
1 774

1991 жылдан бастап Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан тарихында ұлттық аза тұту күні сегіз рет жарияланды.


ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының ортасындағы Мемлекеттік ту Алматы маңында ұшақ апатынан қаза болғандарды аза тұту күніне орай төмен түсірілді, деп жазады ҚазАқпарат.

Қазақстанның ең үлкен туы елорда орталығында «Атамекен» этно-мемориалдық кешені аумағында орнатылған.

Оның ресми ашылуы он жыл бұрын елорда күнін мерекелеу аясында өтті.

Тудың көлемі – 450 шаршы метр, ал салмағы 100 килограмм тартады. Ені 15, ұзындығы 30 метрлік елдің бас туы жай күндері 111 метр биіктікке көтеріледі.

1991 жылдан бастап Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан тарихында ұлттық аза тұту күні сегіз рет жарияланды.