Семейде 14 маусым күні су ішуге қатаң тыйым салынады

0
1 399

Бұл күні қаланың оң және сол жақ жағалау бөліктерінде сумен жабдықтау желілерін шаю мен залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.


Семейде 14 маусым күні су ішуге қатаң тыйым салынады

ERNUR.KZ. Семей тұрғындарына маусымның 14-і сағат 20.00-ден 15-і сағат 6.00-ге дейін су ішуге қатаң тыйым салынады, деп жазады Алтайньюс.

Бұл туралы, «Семей Водоканал» мәлімдеп, мемлекеттік кәсіпорындар мен қала тұрғындарынан кешірім өтінген. Аталған күндері қаланың оң және сол жақ жағалау бөліктерінде сумен жабдықтау желілерін шаю мен залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі. Сондықтан, екі күнге жететін су қорын дайындай беріңіздер, дейді мамандар.