Семейде 77 жастағы кейуананы көлік қағып өлтірді

0
219

Полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерін жылдамдықты асырмай, жаяу жүргіншілер өткелдерінде барынша мұқият болу қажет екенін ескертті.


Семейде 77 жастағы кейуананы көлік қағып өлтірді

ERNUR.KZ. Семейде көлік қағып кеткен 77 жастағы зейнеткер көз жұмды, деп жазадя Zakon.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Volkswagen Vento маркалы автокөлік жүргізушісі Сәтбаев көшесіндегі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде 77 жастағы кейуананы қағып кеткен.


"Жедел жәрдем келгенге дейін жаяу жүргінші оқиға орнында қаза болды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері көлік жүргізушілерін жылдамдықты асырмай, жаяу жүргіншілер өткелдерінде барынша мұқият болу қажет екенін ескертті.