Семейде қаңғыбас иттер баланы талаған

0
85

Таңғы уақытта қоқыс тастап қайтып келе жатқан 9 жастағы қыз балаға төрт бірдей ит тап берген.


Семейде қаңғыбас иттер баланы талаған

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Семейде соңғы бір аптада тұрғындардың өтініші негізінде 33 қараусыз жануар ұсталған. Оның 30-ы ит, 3-уі мысық. Қалада бұл бағытта екі арнайы топ жұмыс істейді, деп жазады zakon.kz.

Мамандардың айтуынша, шағымдардың басым бөлігі топтасқан иттердің адамдарға айбат көрсетіп, шабуыл жасау қаупіне қатысты. Бір дерек бойынша, адамға иттің шабуыл жасау фактісі тіркелген.

Таңғы уақытта қоқыс тастап қайтып келе жатқан 9 жастағы қыз балаға төрт бірдей ит тап берген. Баланы құлатып, жан-жақтан талап, денесіне ауыр жарақат салған.

Аяғын тістеп, қолтығының астын жаралаған. Оқиға орнындағы қазандықта жұмыс істейтін үш азамат көмекке келіп, иттерді қуып жіберіп, қызды үйіне жеткізген. Анасы дереу жедел жәрдем мен полиция шақырған.

Дәрігерлер алғашқы көмекті көрсетіп, баланы ауруханаға жеткізді. Қазір денсаулығы қалыпты болғанымен, бала қатты күйзеліс алған үлкен иттерден үрейі сейілер емес.

Абай облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, жыл басынан бері 910 қаңғыбас ит ауланған. Ұсталған жануарларға сәйкестендіру, екпе егу және стерилизация жасау шаралары жүргізіліп, кейін қайтадан табиғи ортаға жіберілген.

Айта өтейік, бұралқы ит я мысықты күтіп-бағу үшін арнайы панажайлар күніне бір жануарға кемінде 3 мың теңге жұмсалады екен.