Семейде өз қатарласын өлтірген жасөспірімге сот үкімі шықты

0
922

Қайғылы оқиға биыл 6 маусымда Мұрат саяжайында болған.


Семейде өз қатарласын өлтірген жасөспірімге сот үкімі шықты

ERNUR.KZ. Семейде төбелес кезінде өз қатарласын өлтірген жасөспірімге қатысты сот үкімі шықты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Қайғылы оқиға биыл 6 маусымда Мұрат саяжайында болған. Онда кәмелетке толмағандардың бірі жанжал кезінде екіншісінің мойнына пышақ сұғып алған. Жасөспірім алған жарақатынан ауруханада көз жұмды.

Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен жасөспірім ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 3-бөлігі (кәмелетке толмаған баланы өлтіру) бойынша айыпты деп танылды.

«Оған жеті жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздіктегі кәмелетке толмағандарға арналған мекемеде өтеу туралы үкім шығарылды», - делінген хабарламада.