Семейдегі ядролық полигонның ондаған гектары алтын өндіруге берілмек

0
302

Үкімет 2025 жылғы 27 наурыздағы "Абай облысындағы бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағындағы жер учаскесін аудару және беру туралы" қаулыны қабылдады.


Семейдегі ядролық полигонның ондаған гектары алтын өндіруге берілмек

Фото: jewellerymag.ru

ERNUR.KZ. Үкімет "Абай облысындағы бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағындағы жер учаскесін аудару және беру туралы" қаулыны қабылдады, деп жазады stan.kz.

Үкімет 2025 жылғы 27 наурыздағы "Абай облысындағы бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағындағы жер учаскесін аудару және беру туралы" қаулыны қабылдады.

"Абай облысындағы бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағында орналасқан 71,37 гектар жер учаскесін запастағы жер санатынан өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы және өзге де ауыл шаруашылығына жатпайтын мақсаттарға арналған жер санатына ауыстыру, — делінген құжатта.

Бұдан бөлек осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесін "Altyn Group Qazaqstan" кәсіпорнына "Үлкен Қарашоқы" кен орнын игеру үшін 2028 жылғы 31 желтоқсанға дейін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру қарастырылған.

"Altyn Group Qazaqstan" ЖШС қымбат металдарды өндіру және өндірумен айналысады. Компания ауыл шаруашылығымен байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшін алынған ауыл шаруашылығы жерлерінің шығынын республикалық бюджетке өтеуге тиіс.

Айта кетейік, "Altyn Group Qazaqstan" компаниясының жалғыз құрылтайшысы – Ұлыбританияда тіркелген A Gold Plc компаниясы.
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Еске салайық, бұған дейін ауыл тұрғындары Семей полигоны жерлерін жайылым үшін қайтаруды талап еткен еді. 19 ақпанда Батыс Қазақстан облысындағы Ұялы ауылының маңынан апатқа ұшыраған ұшқышсыз ұшақ табылды. Ұялы ауылы Ресейдің баллистикалық зымырандарды сынақтан өткізетін "Капустин Яр" әскери полигонынан шамамен 250 шақырым қашықтықта орналасқан. Осы жағдайға байланысты Бөкейорда ауданының әкімдігі "Капустин Яр" әскери полигонының аумағын қысқартып, Ресейге жалға берілген жерлерді Қазақстанға қайтару туралы бірнеше рет ұсыныс жасағанын мәлімдеді. Алайда бұл мәселе әлі шешімін таппаған.