Сенат Қытайға автомобиль жүк тасымалын дамытуға арналған құжатты мақұлдады

0
366

Заң Қазақстан мен Қытай арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялауға бағытталған.


Сенат Қытайға автомобиль жүк тасымалын дамытуға арналған құжатты мақұлдады

ERNUR.KZ. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды, деп жазады inform.kz.

Заң Қазақстан мен Қытай арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялауға бағытталған. Келісім 2023 жылғы 17 мамырда Сиань қаласында жасалған.

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мәліметіне қарағанда, құжаттың мақсаты – Келісім тараптарының аумақтары арқылы автомобиль жүк тасымалдарын ілгерілету, автомобиль көлігінің қазіргі заманғы жүйелерін дамыту, ақпараттық технологияларды ендіру, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы транзиттік-көліктік әлеуетті және сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау.

Келісімде жолаушылар мен жүк тасымалы мәселелері, көлік құралының жүруіне рұқсат беру әрі одан босату шарттары, жүргізушілер мен көлік құралына қойылатын талаптар, сондай-ақ сақтандыру, салық салу және өткізу пункттерінде бақылау мәселелері регламенттелген.

Заң ақпараттық технологияларды ендіру, тасымалдау жағдайларын жетілдіру және Келісім тараптарының аумақтары арқылы автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау көлемін ұлғайту үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.