Сенатор әр балаға 18 жасқа дейін қаржы бөлуді ұсынды

0
643

Депутаттың айтуынша, балаларға арналған әлеуметтік көмек «бала капиталы» деген атауға ие болуы тиіс.


Сенатор әр балаға 18 жасқа дейін қаржы бөлуді ұсынды

ERNUR.KZ. Сенатор Әли Бектаев мемлекет балаларға арналған барлық жәрдемақыны жинақтап, балалардың әрқайсын, тұрмыстық жағдайына қарамай, туғаннан 18 жасқа толғанға дейін кепілді және міндетті түрде әлеуметтік қолдаудың жаңа стандарттарын енгізуді ұсынды. Депутаттың айтуынша, ол қаражат «бала капиталы» деген атаумен арнайы карточкалар арқылы әр баланың қажетіне ғана жұмсалуы тиіс, деп жазады Azattyq Rýhy.

«Балалардың үйдегі жағдайын қалыптастыру мақсатында өмірге отбасыларды сүйемелдеу институтын, отбасының саулық индексін, отбасылардың әлеуметтік карталарын енгізу сияқты шаралар қабылдануы керек деп ойлаймыз. Әсіресе, қазақстандықтарды қалалық, ауылдық деп бөлмей, оларға әлеуметтік кепілдіктерге бірдей жағдай туғызу мақсатында барлық әлеуметтік бюджетті біріктіретін бірегей әлеуметтік қор құру қажет», – деді Әли Бектаев.

Сенатор оған барлық мемлекеттік, атқарушы органдар мен квазимемлекеттік корпорациялар және холдингтердің, демеушілік танытатын кәсіпкерлердің мүмкіндігін жұмылдырудың маңызы зор екенін айтты.