«Сергек» монополизм және Құлыбаевпен сыбайластық туралы айыпқа жауап берді

0
453

«Сергек» компаниясы айыптауларға жауап беріп, нақыты бенефициарлар кім екенін мәлімдеді.


«Сергек» монополизм және Құлыбаевпен сыбайластық туралы айыпқа жауап берді

ERNUR.KZ. Бұған дейін Telegram-арналардың бірінде «Сергек» жобасындағы монополияны алып тастау талабымен петиция жарияланғаны туралы мәлімет тараған еді, деп жазады inform.kz.

Петиция авторларының жазуынша, «Сергек» жобасы 2017 жылы Астана қаласының бұрынғы әкімі Әсет Исекешевтің бастамасымен іске қосылды. Жобаны жүзеге асыру үшін үш заңды тұлға таңдап алынған: «Көркем Телеком» ЖШС, «Open Technologies Group» ЖШС, «The One Capital» ЖШС.

«Алғашқы екі компания бір адамға – Әсет Ахметовке тиесілі және бір мекен жайда тіркелген. Демек, бұл ҚР заңнамасын бұзу саналады. Өйткені, заңға сәйкес, екі бірдей аффилирленген жеке серіктесті таңдау конкурсына қатыса алмайды», - делінген петицияда.

Kazinform агенттігінің ресми сауалына компания жауап беріп, «Сергектің» монополист еместігін мәлімдеді.

«Sergek Group жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер ұсынатын салада монополист емес және болуы да мүмкін емес. Біздің білуімізше, қазіргі уақытта Қазақстанда Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімінің процессинг орталығына қосылған 40-тан астам түрлі аппараттық-бағдарламалық кешен (отандық және шетелдік) жұмыс істеп тұр», - деп жауап берді компаниядан.

Сонымен қатар компанияның меншік иесі болу мүмкін тұлғаға қатысты да ақпарат бар.

«Сонымен қатар «Respublica.kz» сайтының инсайдерлік деректеріне сәйкес, «Сергек» жобасының тасасында Тимур Құлыбаевтың ұлы Алтай Құлыбаев тұр», - делінген петиция мәтінінде.

Бұл айыптауға да «Сергек» компаниясынан жауап беріп, нақыт бенефициарлар кім екенін мәлімдеді.

«Sergek Group компаниялар тобына түрлі компания кіреді. Олардың қатарында Қазақстан ІТ-жобаларды жүзеге асыратын «Көркем Телеком», software және hardware мамандарын біріктіретін «Sergek Technologies», шешімдерімізді экспорттайтын «Sergek Projects» және басқалары бар. Sergek Group негізін қалаушы, иесі және басты бенефициарлары – қазақстандықтар, ағайынды Қайрат пен Әсет Ахметовтен. Сонымен қатар сәл бұрынырақ компания Тимур Турловтан инвестиция тартты. Бұл болашақта оның компания акционерлері қатарына қосылуына мүмкіндік береді», - деді «Сергек» компаниясынан.