Серік Шәпкенов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды

0
652

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.


Серік Шәпкенов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

С. Шәпкенов 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауылында туған. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «экономист-математик» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастады. Түрлі жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты құрылымында жұмыс істеді.

2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.

2015-2016 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2016-2018 жылдары — Атырау қаласының әкімі.

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.