Оқиға жаңа ашылған скверде болды.
Фото: © istockphoto.com
ERNUR.KZ. 10 жастағы оқушы Шалқар қаласының жаңа ашылған скверінде электр тогынан ауыр жарақат алды. Оқиға 22:00 шамасында болып, баланы ток соққан. Ол ауыр жағдайда аудандық ауруханаға түсіп, әрі қарай санитарлық авиациямен Ақтөбе облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, деп жазады Azattyq Rýhy.
Қазіргі жағдайы
«Бүгін таңертең медициналық авиациямен жеткізілді. Қазір реанимация бөлімінде жатыр. Денесінде электроожог белгілері бар. Ауыр жағдай деп бағаланады», – деді травматолог Қуантай Махамбетов.
Сквер жаңадан ашылған
Сквер Жеңіс күніне орай шамамен бір ай бұрын жөнделген. Осы мақсатта оның инфрақұрылымына шамамен 9 млн теңге жұмсалған.
Алайда баланың токқа қалай түскені әлі нақтыланбады.
«Баланың өзі электр бағанасына шығып, содан ток соққан», – дейді әкімдік өкілдері.
Қылмыстық іс қозғалды
Қазіргі таңда оқиғаның жинақталған дәлелдері негізінде сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Электр қауіпсіздігі, құрылғылардың техникалық сапасын тексеру, жауапты тұлғалар анықталу бағытында процесс басталды.