"Шаш түсе бастады" - коронавирустан айыққан науқастар аурудың салдары туралы айтты

0
956

Мамандар бұл уақытша құбылыс екенін айтады.


ERNUR.KZ. COVID-19 жұқтырған науқастар айыққан кейін шаштары түсе бастағанын анықтаған, деп жазады Тengrinews.kz.


Науқастар әлеуметтік желіде де, маманның қабылдауында да аурудан айыққаннан кейін шаштарының түсе бастағанын айтып, шағымданған.

"Менің шашымның 55 пайыз түсіп кетті. Күн сайын шашым көп түсіп жүр", - дейді ауруханадан шыққаннан кейін осындай белгілерді байқаған Грейс Дадли.

Науқастарға көмектескен белсенді, өзі де коронавирус жұқтырған Луиза Барнстың сөзінше, топтағы көптеген адам шашының түсе бастағанына шағымданған. Оның ішінде белсендінің өзі де бар.
Дәрігерлердің айтуынша, мұндай құбылыс коронавирус инфекциясының бір белгісі - дене қызуының көтерілуімен байланысты болуы мүмкін.

"Дене қызуының 37,5 градустан жоғары болуынан шаш түсе бастауы мүмкін. Себебі шаш өсуінің табиғи циклы бұзылады", - дейді дәрігер Арагон Джузеппе.

Мамандар бұл уақытша құбылыс екенін айтады.