Қазіргі кезде кәмелетке толмағандардың жеке басы анықталып жатыр.
фото: видеодан
ERNUR.KZ. Ақтаудағы Green Park тұрғын үй кешенде шатыр үстінде жүгіріп жүрген жасөспірімдер видеоға түсіп қалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Бейнежазба әлеуметтік желілердің бірінде жарияланды. Онда 17-шағынаудандағы «Green Park» тұрғын үй кешенінің шатырында үш баланың жүгіріп жүргенін круге болады.
Жергілікті полицейлер мәліметінше, 2022 жылғы 23 мамырда сағат 19:45-те «102» кезекші бөліміне 17-шағынаудандағы «Green Park» тұрғын үй кешенінің шатырында балалардың жүгіріп жүргені туралы қоңырау түскен.
«Шақыру бойыншаоқиға орнына ювеналды полиция қызметкерлері жіберілді. Бірақ олар жеткен кезде шатырда ешкім болмаған», - деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың жеке басын анықтап жатыр.
«Бүгінгі күні шатырға кіретін есік жабылды», - деді полицейлер.