Щучинсктегі қайғылы оқиға: Қайтыс болғандардың саны 11-ге жетті

0
73

Жарылыстан зардап шеккен тағы екі адам көз жұмды.


Щучинсктегі қайғылы оқиға: Қайтыс болғандардың саны 11-ге жетті

Фото: BAQ.KZ/ Сырым Рахимбеков

ERNUR.KZ. Щучинскте кафедегі жарылыстан зардап шеккен тағы екі адам қайтыс болды, деп жазады BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

Дәрігерлер бар күшін салғанына қарамастан, Щучинскідегі жарылыстан ауыр жарақат алған тағы екі науқас қайтыс болды.

8 наурыз күні “Авиценна-Бурабай” стационарының жансақтау бөлімінде жатқан науқас көз жұмды. Ал 9 наурызда Көкшетау қаласындағы Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасында ем алып жатқан тағы бір науқас қайтыс болды, – деді Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н. Ермек.

Ақмолалық дәрігерлер зардап шеккендердің өмірін сақтап қалу үшін күресті жалғастырып жатыр. Медициналық көмек барлық медициналық, кадрлық және техникалық ресурстарды тарта отырып, толық көлемде көрсетілуде.

Еске салайық, 26 ақпан күні сағат 21:57 шамасында Ақмола облысының Щучинск қаласында болған төтенше жағдай салдарынан жеті адам қаза тапты. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бес адам оқиға орнында көз жұмған, тағы екеуі 2026 жылғы 26 ақпанда жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Қаза тапқандардың арасында 16 жастағы қыз бар.