Шерзат өлімі бойынша төрт күдікті бұрын сотты болғандар

0
204

2024 жылы 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапқан еді.


Шерзат өлімі бойынша төрт күдікті бұрын сотты болғандар

ERNUR.KZ. Шерзат Полаттың өлімі туралы іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр. Айыпталушылардың бұрын сотты болғаны, ал біреуінің үстінен іс қозғалып, тергеу тоқтағаны белгілі болды, деп жазады stan.kz.

Шерзат Полаттың өлімі бойынша сотталушы мінберінде отырғандардың төртеуі бұрын сотталған екен.

Соттылығы барлар:

  • Сакиев Равиль, 1998 жылы туған, бұған дейін мейрамханада администратор болып жұмыс істеген. 2021 жылы Қылмыстық кодекстің 381-бабы "Билік өкілінің заңды талабына бағынбау) бойынша кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Қазір соттылығы жойылды.
  • Белғожаев Шыңғыс, 2000 жылы туған, білімі жоғары, бұрын спорт мектебінде әдіскер қызметін атқарған. 2015 жылы Қылмыстық кодекстің 106-бабы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотталған. Соттылығы жойылды.
  • Ильясов Нұрқияс, 1998 жылы туған, уақытша жұмыссыз. 2023 жылы 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген. Ол жазасын әлі өтеген жоқ.
  • Тоқтаубаев Азамат үйленген. Ол 2024 жылдың 17 қазанында кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу жазасын алды.

Соттылығы жоқ айыпталушылар:

  • Әскентай Дархан, 1999 жылы туған, уақытша жұмыссыз. Оның ата-анасы жоқ, үш әпкесімен бірге өскен. 2017 жылы оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, кейін сотқа дейінгі тергеу сатысында жабылған.
  • Шынасыл Абзал, 2000 жылғы. Уақытша жұмыссыз.
  • Тоқтаубаев Нұрбол, 1996 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысынан. Арнайы техника операторы болып жұмыс істейді, үйленген.
  • Дидар Қалиахмет, 1998 жылы туған, Талғар қаласының тумасы. Үйленген, кәмелетке толмаған екі баланың әкесі. Жүргізуші болып жұмыс істеген.
  • Ысқақ Думан Қайдарұлы, 2007 жылы туған, Тұрар Рұсқұлов ауылындағы №16 мектептің 11-сынып оқушысы.

Еске салсақ, 2024 жылы 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапқан еді. Оның өлімі қоғамда үлкен наразылық тудырды. Марқұмның әкесі туыстарымен және жергілікті тұрғындармен бірге әділ тергеу жүргізуді талап етіп, наразылық ұйымдастырды. Бүгінгі сот отырысында басты күдіктінің кінәсін мойындамайтыны белгілі болды.

Толығырақ Stan.kz Youtube-арнасының тікелей эфирінен көре аласыздар: