Шетел азаматына жалған тіркеу жасайтындар жауапқа тартылмақ

0
66

Сондай-ақ Парламент Мәжілісінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті көздейтін бірқатар өзгерту пысықталуда.


Шетел азаматына жалған тіркеу жасайтындар жауапқа тартылмақ

ERNUR.KZ. ҚР ІІМ заң қолдану саласында жүргізілген жұмыстармен қатар заңнамаға өзгертулер енгізу жұмыстарын да атқарып жатыр. Биыл көші-қон бақылауын күшейтуге бағытталған түзетулер енгізілді. Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталыковтың айтуынша, 30 күннен артық елде болатын шетел азаматтарын тіркеу институты енгізілді.

Сондай-ақ Парламент Мәжілісінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті көздейтін бірқатар өзгерту пысықталуда.

«Олармен бір айдан артық елде болатын шетел азаматтарының мекенжайда мүлдем немесе уақытында тіркелмегені үшін, визада уақытша тұру рұқсатында және тіркелу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмағаны үшін, шетел азаматына жалған тіркеу жасағаны қабылдаушы тарапына жауапкершілік енгізіледі. Бірқатар санкция бойынша айыппұлдар мөлшерін ұлғайту қарастырылуда», – деді ІІМ өкілі ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.