Шетелдіктерден жұмыс визалары үшін пара алған шенеунік әйел ұсталды

0
995

Маңғыстау облысының шетел жұмыс күшін тарту бөлімінің басшысы бірнеше рет пара алды деген күдікпен ұсталды.


Шетелдіктерден жұмыс визалары үшін пара алған шенеунік әйел ұсталды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментімен Маңғыстау облысының "Жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ-нің шетел жұмыс күшін тарту бөлімінің басшысына қатысты бірнеше рет пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталды, деп жазады Zakon.kz.

Ол облыс аумағында еңбек ететін шетел азаматтарына жұмыс визаларын кедергісіз алып бергені және ұзартқаны үшін шетел компанияларының өкілдерінен жүйелі негізде 500-ден 1000 АҚШ долларына дейінгі мөлшерде пара алды деп күдіктеледі. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Күдікті Ақтау қаласы ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды, "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.