ШҚО аумағына кіріп-шығуға тыйым салынды

0
862

ШҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысы шықты.


ШҚО аумағына кіріп-шығуға тыйым салынды

1 қарашадан бастап Шығыс Қазақстан облысы мен Өскемен қаласының территориясына азаматтардың кіріп-шығуына тыйым салынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

29 қазанда ШҚО бас мемлекеттік санитар дәрігерінің санитарлық пост қойылатыны және қозғалыс шектелетіні туралы қаулысы шықты.

Атап айтқанда, Алматы (1 бекет), Қарағанды (1 Бекет), Павлодар (2 бекет) облыстары, "Ауыл", "Уба" (Шемонаиха ауданы-1 бірлік, Бородулиха ауданы - 1 бірлік) өткізу пункттерінде және Өскемен қаласы бойынша 7 бекет тарапынан Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекараларына кіруді/шығуды бақылау үшін 13 санитариялық бекеттің жұмысын қамтамасыз етуі керек.

Ерекше жағдайларда, осы қаулыда жоғарыда көрсетілгендерді қоспағанда, жекелеген санаттағы адамдарға аудандар мен қалалардың санитарлық бекеттері арқылы шығуға және келуге рұқсат ауданның/қаланың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша берілуі мүмкін.

Еске салайық, Шығыс Қазақстан облысына кіреберісте блокбекеттер орнатылатыны хабарланған.