ШҚО-да алаяқтар жалған ақша ұсақтап жүр

0
1 379

Алаяқтарға алданып қалмау үшін банкноттың түсі мен текстурасына назар аударып қарау керек.


ШҚО-да алаяқтар жалған ақша ұсақтап жүр

ERNUR.KZ. ШҚО-да алаяқтар тұрғындардан ақша ұсақтап беруді өтініп, жалған банкнот таратқан, деп жазады Алтайньюс.

Мұндай әдіспен алаяқтар адамдарды оңай алдап, ақшаларын алып кетіп отырады.

Ағымдағы жылы ШҚО бойынша жалған ақша тарату фактісі бойынша 8 қылмыстық іс тіркелген екен. Ал өткен жылы осындай 7 оқиға тіркеліпті.

Полиция қызметкерлері облыс тұрғындарын қырағы болуға шақырады. Алаяқтарға алданып қалмау үшін банкноттың түсі мен текстурасына назар аударып қарау керек.