Автобус салонында 5 адам болған
ERNUR.KZ. Тамыздың 1-іне Шығыс Қазақстан облысында жолаушылар автобусы өзенге құлап кетті, деп жазады YK-news.kz.
Алдын ала болжам бойынша, автобус жүргізушісі көлікті басқара алмай қалған.
«Риддерден Коноваловка елді мекеніне келе жатқан бағыттағы автобустың жүргізушісі көлікті басқара алмай, Быструха өзеніне құлап кеткен», - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі.
Автобус салонында 5 адам болған. Олардың біреуі жүргізуші, екіншісі – кондуктор және үш жолаушы. Төрт адамға медициналық көмек көрсетілді.
«Полиция болған оқиғаның мән-жайын тексеруде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүріп жатыр», - делінген хабарламада.