ШҚО-да екі балықшы суға батып кетті

0
186

31 және 38 жастағы екі ер адам балық аулап жүргенде қайықпен аударылып қалып, суға батып кетті.


ШҚО-да екі балықшы суға батып кетті

Фото: Павлодар облысы ТЖД

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында балық аулап жүрген екі адам суға батып кетті, деп жазады inform.kz.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, оқиға Бұқтырма су қоймасындағы Торанғы шығанағында болған. 31 және 38 жастағы екі ер адам балық аулап жүргенде қайықпен аударылып қалып, суға батып кетті.

«Сүңгуір-құтқарушылар іздеу жұмыстарына кірісті. Көп ұзамай балықшылардың денелері табылып, судан шығарылды. Оларда құтқару кеудешелері болған жоқ», - делінген ақпаратта.

Осы ретте, құтқарушылар балық аулау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады. Қайықта болған кезде міндетті түрде құтқару кеудешелерін кию керек.