ШҚО-да қайтыс болған баланың көршілері күдікті туралы айтып берді

0
756

Шығыс Қазақстан облысы Зубовск ауылының тұрғындары жеті жасар бала күдіктіні жақсы танығанын, сол себепті онымен бірге ойнауға кеткенін айтты.


ШҚО-да қайтыс болған баланың көршілері күдікті туралы айтып берді

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстанда ауыл маңынан өлі табылған жеті жасар Эдик Жилиев бүгін жерленді, деп жазады Sputnik Қазақстан.


Зубовск ауылының тұрғындары қазір уақытша ұстау изоляторында отырған 20 жастағы күдікті жігіт туралы айтып берді. Ауыл тұрғындарының айтуынша, күдікті психикалық денсаулығына байланысты үйінде оқыған.

"Оны бір жүйеге келтіру қиын болды, сол себепті мұғалімдер үйіне барып оқытты. Алайда ашулы болған кезін байқаған емеспіз, ешкіммен төбелеспейтін, балаларды ренжіткен емес", - деп түсіндірді Зубовск орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Светлана Юдина.
Жергілікті тұрғындар да күдіктінің барлығына көмектесіп жүретінін, балалармен жақсы тіл табысқанын айтты.

"Көшеде балалармен бірге бірде жасырынбақ, бірде қуаласпақ ойнайтын", - деді баласы қайтыс болған отбасының көршісі. Күдікті Жилиевтер отбасымен көрші тұрған, марқұм Эдик екеуі бір-бірін жақсы таныған.

Жеті жасар баланың өлімі
Еске сала кетсек, 29 тамызда кешке көпбалалы отбасының кенже баласы әдеттегідей аулаға ойнауға, велосипед тебуге шыққан. Алайда біраз уақыттан соң жоғалып кеткен. Бастапқыда туыстары баланы өздері іздеген, келесі күні полицияға барды. Баланың денесі сол күні таудан табылды, пышақтап кеткен.
Баланың ата-анасы жоғалып кеткен күні тау жақтан іздегенін, алайда жоғары көтерілмегенін айтты.
Жоғалған баланы соңғы рет 20 жастағы көршісі көрген, ол қамауға алынды. Кейінірек сараптама балаға сексуалдық зорлық көрсетілмегенін анықтады.