​ШҚО-да қар көшу қаупі бар

0
1 308

Облыста жолаушылардың үрейін ұшыратын 300-ден астам қар көшу қаупі бар аймақ белгілі


​ШҚО-да қар көшу қаупі бар

ERNUR.KZ. Облыста жолаушылардың үрейін ұшыратын 300-ден астам қар көшу қаупі бар аймақ белгілі, деп жазады Алтайньюс.

Қазір қауіпті нүктелерді «Қазселденқорғау» мекемесінің құтқарушылары бақылап отыр. Кей жерлерде жасанды көшкін ұйымдастырып, сынақ жүргізуде.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз хатшысының хабарлауынша, бүгін Өскемен-Зырян тас жолының 6-64 шақырымында сынақ жүргізілді.

Үш жерде жарылған жасанды жарылыс нәтижесінде 4700 шаршы метр қар төмен сырғыды.

Демалыс күндері тауда сырғанақ тебушілердің қатары арта түседі. Сондықтан да құтқарушылар сақтық шараларын қатаң сақтауды талап етеді. Себебі бір күн көшкін жүрсе, ертеңінде тоқтап қалмайды. Ол 3, кейде 5 күнге ұласады.