ШҚО-да көлігімен бірге суға түсіп кеткен балықшылар құтқарылды

0
791

Құтқару станциясынан 20 шақырым жерде Күршім ауылдық округінің "Чонобай" учаскесінде құтқарушылар суға батқан көлікті байқап қалды.


ШҚО-да көлігімен бірге суға түсіп кеткен балықшылар құтқарылды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында мұз жарылуы салдарынан көлігімен бірге суға түсіп кеткен балықшылар құтқарылды, деп жазады baq.kz.

Ведомствоның мәліметінше, 28 желтоқсанда "112" құтқару телефонына көліктері суға кеткен балықшылар көмек сұрап, қоңырау соққан.

Оқиға орнына Күшім ауданының жедел құтқару жасағының 9-бөлімшесі шықты. Құтқару станциясынан 20 шақырым жерде Күршім ауылдық округінің "Чонобай" учаскесінде құтқарушылар суға батқан көлікті байқап қалды. Балықшылар көліктен өздігінен шыққан, алайда малмандай су болған.

Көлік тереңге батпапты, жағалауға жақын жерде екен. Құтқарушылар оны судан алып шығуға көмектесті. Шемонаиха ауданының 3 балықшысы Күршім ауылына жеткізілді, медициналық көмекке мұқтаж емес. Құтқару станциясында олар жылынып, киімдерін кептіріп, түнеп шықты. Балықшыларға көлікпен мұзға шықпау туралы тағы да ескертеміз, оны жағада қалдырыңыз. Жолаушылар үшін қауіпсіз мұз 7 см болса, көлік үшін 20 см. Мұзға тек күндіз шығыңыз. Мұз арасындағы шөптер, арық, қалың қар басқан орындардан сақ болыңыз. Өзіңізбен бірге міндетті түрде ұялы телефон, қосымша киім алыңыз, - делінген хабарламада.