ШҚО-да полиция бөлімінің басшысы пара ретінде балық алған

0
1 216

Бұл үшін Үржар аудандық полиция бөлімінің басшысына 450 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.


ШҚО-да полиция бөлімінің басшысы пара ретінде балық алған

ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ерекше парамен ұсталған шенеуліктермен болған жағдайларды айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Түрлі деректер тіркелді, мысалы, параны балықпен алған. Оқиға ШҚО-да болды. Бірақ бұл қызыл балық емес. Бұл үшін Үржар аудандық полиция бөлімінің басшысына 450 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Ол мыс сымдарын ұрлаған қылмыскерді жауапкершілікке тартпағаны үшін пара алған. Балықтардың бағасы 50 мың теңге", - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаментінің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Сондай-ақ, пара ретінде құны 100 мың теңге тұратын гүл қоятын ыдыс берген адам болған екен.

"200 мың теңгеден қымбат тұратын өсімдіктерге тыңайтқыш алған дерек бар. Оқиға 2017 жылы болған, оған 6 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Мұндай параны Ақсай ауылдық округінің әкімі жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін беруі үшін алған", - деді Данияр Биғайдаров.