Облыста жалпы 63 өрт сөндіру бекеті бар. Барлығы толықтай техникалық жабдықтармен жарақталған. Десек те 6 бекет қаңырап бос тұр.
ERNUR.KZ. Әуеден алынған мониторинг мәліметтері бірден облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне келіп түсед, деп жазады 24.kz.
Бұл туралы ведомоство өкілдері өткізген брифинг барысында айтылды. Заманауи технология көмегімен жинақталған ақпараттар, құтқарушылардың қызыл жалын тұтанған аймаққа тез жетіп, жылдам іс-қимыл жасауына ықпал етеді. «Өйткені өңірде орман және далалы алқап өрті биыл 4 есе артып тұр», – дейді мамандар. Сонымен қатар тілсіз жаумен күресетін еріктілер тобын құру шаруасы да қолға алынды.
Облыста жалпы 63 өрт сөндіру бекеті бар. Барлығы толықтай техникалық жабдықтармен жарақталған. Десек те 6 бекет қаңырап бос тұр. Қазір оларды жөндеп, іске қосу туралы тиісті әкімдік өкілдеріне тапсырма беріліпті. Өткен екі жылда дала мен орман алқаптарындағы өрттің алдын алу мақсатында өрт сөндіру және жол талғамайтын көліктерді алу үшін бюджеттен 727 миллион теңге бөлінген. Енді шалғай аудандарда өрт сөндіру бекеттерінің санын арттыру жоспарлануда.
Қанат Әбділов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
- Дала өртінің алдын алуға арналған шараларды қолданып жатырмыз, біріншіден, облыстық төтенше жағайларкомиссиясының отырысын өткіздік, онда арнайы тапсырмалар берілді. 2019-2020 жылдарға бағдарламалар қабылданған, ол бағдарлама ойынша 2019 жылы 14 өрт бекетін ашу жоспарланған, 2020 жылы 15 бекет ашу жоспарланып отыр.