Шығыс Қазақстанда 117 мұғалімге іссапар шығыны төленбеген

0
164

Төленбеген шығын сомасының көлемі 28 миллион теңгеден асқан.


Шығыс Қазақстанда 117 мұғалімге іссапар шығыны төленбеген

фото: Sputnik/Ертай Сарбасов

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының прокурорлары мұғалімдердің іссапар шығындарын өтеу құқықтарын қалпына келтірді, деп жазады sputnik.kz.
Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау барысында аудандағы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне іссапар шығындары төленбегенін анықтады.
Белгілі болғандай, 171 мұғалімге ұзақ уақыт бойы заңмен қарастырылған іссапар төлемдері жүргізілмеген, жалпы сома 28 миллион теңгеден асты.
"Мысалы, Самар ауылындағы мектептердің бірінің мұғаліміне 2024 жылғы сәуірден 2025 жылғы қаңтарға дейін 224 105 теңге мөлшерінде іссапар шығыны төленбеген. Осындай жағдайлар ауданның басқа мектептерінде де тіркелген", - деп жазылған хабарламада.
Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде заңбұзушылықтар жойылып, барлық ұстазға тиісті төлемдер толық көлемде жүргізілді.