Шектеу шаралары Шығыс Қазақстанның барлық аумағында 25 қарашаға дейін ұзартылды.
ERNUR.KZ. ШҚО ТКҚСҚБ басшысы міндетін атқарушы Талғат Тұңғышбаев санитарлық бекеттердің жұмысы туралы айтты, деп жазады zakon.kz.
1 қарашадан бастап аймақта облыстың сыртқы шекараларына кіруді және шығуды бақылау үшін 15 санитарлық бекет өз жұмысын жалғастыруда. Үш бекет Алматы, біреуі Қарағанды және екеуі Павлодар облыстарымен шектесетін аумақтарда орналасқан. Сондай-ақ, 2 бекет ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін "Ауыл" және "Уба" өткізу бекеттерінде және 7 бекет Өскемен қаласы бойынша орнатылған.
10 қарашадан бастап "Бақты" және "Майқапшағай" өткізу бекеттеріндегі тағы екі санитарлық бекет өз жұмысын бастады.
Айта кетейік, облыс ішілік автобустардың, шағын автобустардың және өзге де жолаушылар тасымалының қозғалысына тыйым салынды.
Ұлан ауданының Қасым Қайсенов, Глубокое ауданының Опытное поле, Ушановское және Белоусовка кенттері бойынша қатынайтын маршруттар тоқтатылған жоқ.