Шығыс Қазақстанда әскерге шақырылған үш жігіттен коронавирус табылды

0
691

2 науқастың КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болғаны анықталды.


Шығыс Қазақстанда әскерге шақырылған үш жігіттен коронавирус табылды

ERNUR.KZ. Соңғы деректерге сәйкес, елімізде жұқпалы індетке шалдыққандар саны 12 859-ға жетті. Оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында жаңа 5 жағдай тіркелді, деп жазады ҚазАқпарат.


ШҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, вирус Семей қаласындағы 1960 жылғы әйел мен 1948 жылы туған ер адамнан және Шымкент қаласынан Зайсан ауданына әскери борышын өтеуге келген 1997, 2000 және 2002 жылғы азаматтардан анықталған.


«Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша 2 науқастан зертханалық талдау бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болғандықтан алынса, қалған 3 адамнан профилактикалық мақсатта скрининг кезінде анықталды. Қазіргі уақытта қауіпті детті жұқтырған пациенттердің барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды. Олармен байланыста болғандарға эпидемиологиялық және медициналық тексеру жүргізу үшін аумақтық басқарма мамандары мен медицина қызметкерлерінен құралған мобильді топ ұйымдастырылып, ошақтарға дезинфекция жүргізілуде. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасып жатыр» делінген хабарламада.


Қазіргі уақытта облыста коронавирус жұқтырған 190 адам бар. Оның ішінде емделіп шыққандар саны – 65.