Шығыс Қазақстанда қоғамдық көліктер аязда қатып қалған

0
511

Аязға байланысты оқушылар онлайн оқып жатыр.


Шығыс Қазақстанда қоғамдық көліктер аязда қатып қалған

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстанда соңғы бірнеше күн бойы аяз қысып, ел әбден әбігерге салынды. Кей аудандарда ауа температурасы -42 градусқа дейін төмендеген. Салдарынан Өскемен қаласындағы қоғамдық көліктер қатып, жолаушыларды тасымалдауға кеш шығып жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Осы аптада жауған қалың қардан енді ғана ес жиған шаһар жұртына еді аяз келіп "әлек салып" жатыр. Жұртшылық қоғамдық көліктерді ұзақ күткендерін желіге жазды. Мұны жолаушылар тасымалын басқару орталығының өкілдері де мойындады.

"Күн суық болғандықтан, жанармай қатып жатыр. Сондықтан автобустар желіге аз шығады. Тасымалдаушылар көліктерді жылы бокстарға кіргізіп, қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Тұрғындарға ескертеміз, жолға шықпас бұрын "Oskemenbus" қосымшасына бір қарап алған жөн", – деді Жолаушылар тасымалын басқару орталығының техникалық мәселелер жөніндегі бас инженері Руслан Төлеубеков.

Дәл осындай жағдай Алтай ауданында да орын алып отыр. Ол жақта да қоғамдық көліктер желіге шықпаған.

Айта кетейік, қатты аязға байланысты қаладағы мектеп оқушылары онлайн оқып жатыр.