Аймақты жарықпен қамтып отырған "Шығысэнерготрейд" ЖШС табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаментіне бірнеше мәрте өтінім жолдаған.
ERNUR.KZ. ШҚО-да электр энергиясының бағасы өсуі мүмкін, деп жазады ulysmedia.kz.
Аймақты жарықпен қамтып отырған "Шығысэнерготрейд" ЖШС табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаментіне бірнеше мәрте өтінім жолдаған. Егер ведомство келісім берсе, электр энергиясының тарифі өспек.
Бұған дейін "Шығысэнерготрейд" 1 ақпанда бір өтінім берген. Алайда оған жауап болмапты. Мақсатына жетуді көздеген компания комитетке қайта жүгініп отыр.
Компанияның мәліметінше, тарифті өсіруге "энергия сатып алу мен берудің орташа бағасы жоғарылауы", "KEGOC" АҚ-ның қызмет құны өсуі", "жабдықтардың қымбаттауы" әсер еткен.
Егер "Шығысэнерготрейд" өтінімі мақұлданса, ШҚО тұрғындары үшін жарық бағасы – 17,372 теңге/кВтсағ, басқа тұтынушыларға үшін (электр энергиясын тұрмыстық қажеттіліктер үшін пайдаланбайтын тұтынушылар) — 27,639 теңге/кВтсағ, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндірушілер үшін - 22,867 теңге/кВтсағ болмақ.