Шығыс Қазақстанда жасырынбақ ойнаған қыз кір жуғыш машинаға кептеліп қалды

0
816

​Қыз кір жуғыш машинаның ішіне жасырынған, алайда кейінірек одан өздігінен шыға алмай қалады. Баланы құтқарушылар келіп құтқарды.


Шығыс Қазақстанда жасырынбақ ойнаған қыз кір жуғыш машинаға кептеліп қалды

ERNUR.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Белый Камень ауылында он жасар қыз кір жуғыш машинаның ішінде кептеліп қалды, деп жазады sputniknews.kz.

Оқиға туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Белгілі болғандай, қыз жасырынбақ ойнап жүріп кір жуғыш машинаға тығылған. Бірақ кейін оның аяғы машинаның ішкі құрылғысына кептеліп қалғандықтан, одан өздігінен шыға алмай қалады.

Құтқарушылар баланы кір жуғыш машинаны ішінара бөлшектегеннен кейін ғана шығарып алды. Оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем дәрігерлері қызды тексеріп, оның ешқандай жарақат алмағанын, еш жері сынбағанын айтты.

Бұған дейін Шымкентте үш жасар сәбидің жартылай автоматты кір жуғыш машинаның ішінде кептеліп қалғаны хабарланған болатын.