Бекіре тұқымдас мұндай балықтар сиреп бара жатқаны үшін Қызыл кітапқа енгізілген
31 тамыз күні "Амангелді" өнеркәсібі балықшылары кіші Дамбы тартымынан салмағы 118 келі болатын қорытпа балығын аулаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ Атырау облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта алып балық "Жайық Атырау бекіре" зауытына тапсырылды. Жынысы мен жасы анықталу үстінде.
Айта кетейік, бекіре тұқымдас мұндай балықтар сиреп бара жатқаны үшін Қызыл кітапқа енгізілген. Бүгінде тек ғылыми-селекциялық бағытта ғана ауланады.